2,4 млн-ға жуық азамат вакцинаның бірінші компонентін алды

626

Үкімет басшысы Асқар Мамин барлық деңгейдегі әкімдерге тапсырма берді.

2,4 млн-ға жуық азамат вакцинаның бірінші компонентін алды

Премьер-министр атқамінерлер вакцинация мәселесін жеке бақылауға алуға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Асқар Мамин коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші төмендеп келе жатқанын алға тартып, санитариялық-эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауда болуға тиіс екенін жеткізді. 

"Вирус жұқтыру деңгейі төмендеп келеді, бір аптада 30%-ға азайды. Елорда ғана "қызыл" аймақта қалды. Осы ретте әкімдіктер қосымша шаралар қабылдауы керек. Жалпы 10 өңір, яғни басым бөлігі "жасыл" аймақта, 6 өңір "сары" аймақта. Тұрғындардың вакцина алуы мен эпидемияға қарсы жүргізілген шаралардың нәтижесінде Қазақстан "жасыл" аймаққа кірді", –деді үкімет басшысы. 

Асқар Маминнің айтуынша, 2,4 млн-ға жуық азамат вакцинаның бірінші компонентін және 1,3 млн-ға жуық адам екінші компонентін алды.

"Әкімдіктер мен денсаулық сақтау министрлігі жаз кезінде вакциналау қарқынын барынша ұлғайтуы тиіс. Әсіресе Маңғыстау, Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында. Барлық деңгейдегі әкімдер вакцинация мәселесін жеке бақылауға алсын!", – деді премьер-министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу