2,5 млн-нан астам салымшы теңгелік депозит бойынша сыйақы алады

426

Бұл мақсатта аударылған қаражаттың жалпы сомасы 306,6 млрд теңге болды.  

2,5 млн-нан астам салымшы теңгелік депозит бойынша сыйақы алады Фото: Liter.kz

Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, биылғы 16 наурызда теңгелік салымдар бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуге арналған қаражат екінші деңгейдегі банктерге келіп түсті.

"Өтемақы төлеу рәсімінің аяқталып келе жатқандығын қуана хабарлаймыз. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 15 наурызда банктерден салымшылардың ақтық тізілімін алып, оларды операторға жолдады. Жақын күндері банктер төлемдерді толық көлемде аяқтайды", - деді ҚДКБҚ Төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.

"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ пен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ ақшаларды банктерге аударды. Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы 306,6 млрд теңге болды. Ал мемлекет тарапынан 10 пайыздық сыйлықақыны алатын салымшылар саны 2 млн 615 мың 772 адамды құрады.

"Қағидаларға сәйкес, екінші деңгейдегі банктер екі жұмыс күні ішінде (соңғы күнін қоса алғанда 2023-тің 20 наурызына дейін) тиесілі сыйлықақыны өтініш берген депозиторлардың шоттарына аударады. Теңгелік депозиттер бойынша 10%-дық сыйлықақы Қаржы министрлігі мен Қазақстанның Ұлттық Банкінің қаражаттары есебінен төленеді. Банктер сыйлықақы төлеуге өтініштерді бес ай бойы – 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың ақпанына дейін қабылдады", - делінген ҚДКБҚ таратқан хабарламада.

Өтініштерді қабылдау 10 ақпанда аяқталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу