2,8 млрд теңге тәркіленді: Шымкентте шартты түрде сотталған тұрғын бас бостандығынан айырылды

87

Айыпталушы онлайн-казиномен айналысқан.  

2,8 млрд теңге тәркіленді: Шымкентте шартты түрде сотталған тұрғын бас бостандығынан айырылды Фото: worldcasinodirectory.com

Шымкент тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған: оның бақылауымен мобильді қосымша арқылы қолжетімді покер клубы түріндегі онлайн-казино жұмыс істеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қылмыстық әрекет оған аса ірімөлшерде заңсыз кіріс әкелген.

Бірінші сатыдағы сот Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолдана отырып, бас бостандығынан айыру жазасын шарттытүрде тағайындаған. Заңсыз алынған қаражатты тәркілеу мәселесі шешімін таппаған.

Бас прокуратураның наразылығы бойынша кассациялық сот шартты түрде сотталуды жойып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Мемлекет пайдасына 2,8 млрд теңге – онлайн-казинодан түскен заңсыз кіріс өндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу