2 қарашадан Алматыдан Бакуға ұшақ қатынай бастайды

847

2021 жылғы 7 қарашадан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Embraer Е190 – Е2 әуе кемесімен бейсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рейспен Алматы-Баку бағытында ұшуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 қарашадан Алматыдан Бакуға ұшақ қатынай бастайды

Сонымен қатар "Әзербайжан Хава Йоллары" әуе компаниясы 2021 жылғы 6 қарашадан бастап А – 319 әуе кемесімен сенбі күндері аптасына 1 рейспен Алматы-Баку бағытында ұша бастайды.

Әзербайжанмен арадағы әуе рейстерінің санын арттыру эпидемиологиялық жағдайға, ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне және Әзербайжанның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу