banner

№2 лот бойынша 5G үшін радиожиіліктерге арналған аукцион аяқталды - Бағдат Мусин

531

Сауда-саттықтың бастапқы сомасы 1,761 млрд теңгені құрады. 

№2 лот бойынша 5G үшін радиожиіліктерге арналған аукцион аяқталды - Бағдат Мусин Фото: facebook/BagdatMussin

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

“Қазірдің өзінде сағат 10.00-де ең үлкен бастапқы ұсыныс түсті - 20 млрд теңге.  4 сағаттан астам уақыт ішінде сома рекордтық 93,399 млрд теңгеге дейін өсіп, аукцион аяқталды.

Аукционның жеңімпазы болып "Кселл" АҚ және "Мобайл Телеком Сервис" ЖШС ұсынған Консорциум танылды. Жеңімпаз тиісті рұқсаттарды тіркегеннен кейін 3700-3800 МГц диапазонында 100 МГц иегері болады”, деп жазды министр.

Оның дерегінше, екі күн бойы өткен екі лот бойынша аукцион қорытындысы бойынша республикалық бюджетке жіберілетін сома 156 млрд  теңгені құрайды.  

“Дәл осы қаражат бізге "Қолжетімді интернет" жаңа ұлттық жобасын жүзеге асыруға көмектеседі. Естеріңізге сала кетейін, жобада 3 мыңға жуық ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету, республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың бойына оптика төсеу, БАЖ салу және шалғай және жетуі қиын ауылдарды электр энергиясымен қамтамасыз ету қарастырылған” - деді Бағдат Мусин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу