"2 млрд теңге заңсыз табыс тапқан": Атақты "Kizdar.net" ұйымдастырушылары қолға түсті

Бұл жұмыс Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жүзеге асқан.   

"2 млрд теңге заңсыз табыс тапқан": Атақты "Kizdar.net" ұйымдастырушылары қолға түсті Фото: surfingbird.ru

Осылайша, "Kizdar.net" интернет-ресурсын ұйымдастырушыларының қызметі тоқтатылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Тергеу мәліметтері бойынша, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған. Болжамды интернет-ресурсты ұйымдастырушылар ұсталды, олардың әрекеттері ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, соттың санкцияларымен қамауға алынды.

Тінту барысында ірі сомада ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді, – делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, олар 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс тапқан.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

"Істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында", – деп хабарлады Бас прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу