2 мыңдай арыстық ардагер демалыс орындарына жіберілуі мүмкін

873

Бүгінде Арыс қаласынан 725 бала еліміздің өзге өңірлерінде саяхаттап жүр.

2 мыңдай арыстық ардагер демалыс орындарына жіберілуі мүмкін

Атап айтсақ, Жамбыл облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында, сондай-ақ Бурабайда арыстық өрендер жазғы демалысын өткізуде, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықованың айтуынша, жазғы лагерьлерге 4 мыңнан астам оқушыны жіберу көзделген. Осы аптада тағы 500 бала демалысқа жіберіледі деген жоспар бар.

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс қаласында өткізді. Мәжілісте балаларды жазғы демалыспен қамту мәселесі де сөз болды. Сонымен бірге Арыс қаласындағы 3 мыңнан астам ардагердің 2 мыңдайын облыстық ардагерлер үйлеріне демалысқа жіберу мәселесі де сөз болды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта нақтылана түспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу