2 мыңнан астам қару әлі де қылмыскерлердің қолында

924

Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыскерлер барлығы 3 мыңға жуық қаруды ұрлаған.

2 мыңнан астам қару әлі де қылмыскерлердің қолында

Қаңтар оқиғасы кезінде үш мыңға жуық қару ұрланған. Қазірге дейін мұның үштен бір бөлігі ғана табылды.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тек Алматы және Жамбыл облыстарының екі департаментінен қылмыскерлер 800-ге жуық атыс қаруын, оның ішінде 262 автомат, 501 пулемет, 12 гранатомет және 60 мыңнан астам оқ-дәріні ұрлаған. Аңшылық дүкендерінен және құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың қару-жарақ арсеналынан барлығы 3000-ға жуық қару ұрланған. Мұның үштен бірі немесе 771 бірлігі ғана табылды. 2 мыңнан астам қару-жарақ, соның ішінде пулемет, мылтық, тапанша, гранатомет, граната әлі де қылмыскерлердің қолында. Оныңмен бүкіл полкті қаруландыруға болады. Бейбіт тұрғындарға бұл қарудың қажеті жоқ екені анық", – деді Бас прокурор.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу