20 ақпандағы саудада доллар бағасы айтарлықтай қымбаттады

245

Бүгінгі доллар бағамы -  452,94 теңге.

20 ақпандағы саудада доллар бағасы айтарлықтай қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы бағасы қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,53 теңгеге көтеріліп, 452,94 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 20 ақпандағы ресми бағамы долларға 450,14 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 452,42 теңгені, сатылымы 454,11 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 450,91 теңгеден сатып алынып, 455,00 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу