20 мың отбасыға тұрғын үй алу кезегін сақтау құқығы беріледі

1000

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардың тұрғын үй есебінде тұру құқығы сақталады. Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі бала кәмелеттік жасқа толғанда отбасы тұрғын үй алу есебіндегі кезектен алынып тасталатын. 

20 мың отбасыға тұрғын үй алу кезегін сақтау құқығы беріледі

"Бұл норма 20 мың отбасына кезегін сақтауға мүмкіндік береді", – деді мәжілісте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов.

Біле жүріңіз, қолданыстағы заң бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған және оны алмаған мүгедек балалары бар отбасылар балалары кәмелеттік жасқа толғанда "1 немесе 2-топтағы мүгедектер" санаты бойынша кезекке қайта тұруға мәжбүр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу