"20 рет пышақ сұққан": Ұлытауда 4 баланың анасы жантүршігерлік жағдайда жан тапсырды

Полиция күдікті ретінде  азаматтық некедегі 33 жастағы күйеуін атады. 

"20 рет пышақ сұққан": Ұлытауда 4 баланың анасы жантүршігерлік жағдайда жан тапсырды Фото: марқұмның туыстарынан

Қаралы оқиға Ұлытау облысының Жәйрем кентінде тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қанды қылмыстан кейін ер адам өз-өзін өлтіруге әрекеттенген, қазір ол ауруханада жатыр. Сот күдіктіні қамауға алуға санкция берген. Емделуі аяқталған соң тергеу изоляторына жедел ауыстырылады.

– Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеде тәулік бойы күзетпен ұсталып жатыр, – деп хабарлады Ұлытау облыстық полиция департаменті.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, әйел отбасын жалғыз өзі асыраған. Марқұмның жақын-жуықтары ер адамның еш жұмыс істемегенін, ішімдікке салынып, әйелге жиі тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады. 

Оқиға болған күні келіншек өз дүкенінде жүрген. Сағат 13:55 шамасында азаматтық некедегі күйеуі оған пышақпен шабуылдаған. Туыстары ер адамның әйелге шамамен 20 рет пышақ сұққанын және маңызды ағзаларын зақымдағанын жеткізді. 

Ұлытау облысының полиция департаменті дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 5-бөлігі – "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір соталды тергеу жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу