Түркістан облысында полиция Free Fire ойыны арқылы жасалған алаяқтықты әшкереледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алайда алаяқтар сол виртуалды кеңістікті өз пайдасына жаратып, сенімге кірудің түрлі айласын тауып жатыр.
Белгілі болғандай, жәбірленушінің кәмелетке толмаған туысы телефоннан Free Fire ойынын ойнап отырған сәтте оған бейтаныс азамат байланысқа шыққан. Ойын барысында күдікті түрлі уәде беріп, "бонустар" мен "ұтыстарды" алға тартып, жасөспірімнен банк картасының деректері мен телефонға келген SMS-кодты сұрап алған. Соның салдарынан жәбірленушінің есепшотынан 380 мың жымқырылды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 20 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктіден алаяқтық әрекеттерге пайдаланылған 5 телефон тәркіленді.
Киберпол қызметкерлері күдіктінің 60-тан аса жасөспіріммен ойын арқылы байланысқа шығып, олардың 20-дан астамынан ақша алғанын анықтады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.