20 желтоқсандағы саудада доллар арзандады

238

Бүгінгі доллар бағамы - 458,00 теңге.

20 желтоқсандағы саудада доллар арзандады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,69 теңгеге төмендеп, 456,18 теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,69 теңгеге төмендеп, 456,18 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 20 желтоқсандағы ресми бағамы долларға 458,00 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды орташа сатып алу бағамы 457,83 теңгені, сату 459,90 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 456,36 теңгеден сатып алынып, 458,57 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу