200 миллион теңге жымқырғандардың ісі сотқа өтті

725

200 миллион теңге жымқырғандардың ісі сотқа өтті

Қызылжарда тұрғын үй коммуналды шаруашылығы қызметкерлері бюджетке 200 миллион тенгеден астам шығын келтірген. Олардың ісі 23-ші мамырдан бастап сотта қаралады.  Бұл жайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды .astanatv.kz.

Олардың жымысқы әрекеті 2015 жылы басталған. Қаржы жымқыруды бөлім басшысының міндетін атқарушы ұйымдастырған көрінеді. Ал осы бөлімнің заңгері, жеке кәсіпкер мен көші-қон қызметінің маманы оның сыбайласы деген күдікке ілінді. Олар бюджет қаражатына көз тігіп, "Жас өркен" шағын ауданына бөлінген ақшаны жымқырып отырған. Құрылысы жанданған аумақта ескі үйлер жаппай сүріліп жатыр. Ұйымдасқан топ  бас жоспарға енген баспаналарды, әлдекімдердің атына жазып, өтемақыны өздері алып отырған.

Қылмыстық топ 2015-17 жылдар аралығында қызметтік өкілеттігін пайдаланып, жер учаскілері мен сүрілуі тиіс үйлерді жалған тұлғалардың атына жазған. Кейін мемлекеттік өтемақы немесе пәтерлерді алып отырған. Шығын көлемі 200 миллион теңгеден асады", - дейді ҚР СЖҚІҚ бойынша ұлттық бюросы департаментінің  басқарма басшысы Асылбек Идрисов.

Ұлттық бюро қызметкерлерінің пайымынша мұндай сорақылықтың орын алуына қала атқамінерлерінің де қатысы бар. Яғни олар бюджет қаржысына  тиісті деңгейде бақылау жүргізбеген, деп санайды.

Ұлттық бюро мамандарының сөзінше, бұл іс бүге-шігесіне дейін тергелген. Қазір  сотқа өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу