"200 млрд теңге 800 млрд теңге болып қайтады"

757

Министр алдын-ала жасалған болжамды жариялады. 

"200 млрд теңге 800 млрд теңге болып қайтады" Фото: primeminister.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев үкімет отырысында геологиялық барлаудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 200 млрд теңге ақша жұмсалатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ақша еселеніп қайтады. 

"Болжам бойынша, қазынадан бөлінген 1 теңге 4 теңге пайда әкелуге тиіс. 200 млрд теңге 800 млрд теңге болып қайтады", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, мемлекеттік бағдарлама арқылы пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарының өсімі қамтамасыз етіліп, геология  ғылымын дамытуға басымдық беріледі. Бұл іске сала ардагерлері, геолог-ғалымдар және ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері жұмылдырылады. 

"2025 жылдың соңына қарай экономиканың бірнеше саласында мультипликативтік әсері бар бірқатар оң нәтижеге қол жеткізіледі", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу