Канада үкіметі БҰҰ-ға қарасты "Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы" аясында Газа аймағы мен Батыс жағалауында орналасқан 200 мың палестиналық мұқтаж адамға дастархан жайды. Бұл туралы kazislam.kz хабарлайды.
Аталмыш бағдарлама аясында Канада үкіметі электронды түрде үш ай бойы қаржы аударып отыруды жоспарлайды. Бұл дегеніміз алдағы үш айда Газа мен Батыс жағалауда орналасқан палестиналық мұқтаж жандар азық-түлікпен толықтай қамтамассыз етілетін болады. Сонымен қатар, Канада үкіметі алдағы уақытта мұқтаж жандар үшін білім алу жолдарын да жеңілдетуге көмектеседі.
"Канада тарапы Палестина халқына демеу болуға қашанда дайын. Біз қазір бұл бағдарлама аясында мұқтаж жандарға көмек беру үшін әсіресе, әйелдер мен жас балдарға көп ден қойып жатырмыз" деді Палестинадағы Канада өкілі Доглас Скут.