21 қыркүйектен бері 200 мың шетелдік азамат ЖСН алуға өтініш берген

520

Осы жылдың 21-і қыркүйегінен бастап жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін 200 мыңға жуық шетелдік азамат өтінім берді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

21 қыркүйектен бері 200 мың шетелдік азамат ЖСН алуға өтініш берген Фото: arasha.kz

"21 қыркүйектен бастап 200 мыңға жуық өтінім түсті. Бұның ішінде барлығы шетел азаматтары. Мен ЖСН беру туралы нақты ақпаратқа жауап бере алмаймын. Мұнда бизнес жүргізгісі келетін немесе жұмысқа орналасқысы келетін кез келген шетелдік азамат банктік шот ашады. Ол ЖСН алуға міндетті", – деді Әсет Тұрысов Мәжілісте тілшілердің сұрағына жауап беріп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу