200 теңгелік банкнот заңды төлем құралы – Ұлттық банк

1218

Бұл ақша тозығы жеткенде ғана айналымнан алынады. 

200 теңгелік банкнот заңды төлем құралы – Ұлттық банк

Ұлттық банк Қолма-қол ақша айналысы департаментінің басқарма басшысы Серікжан Майданов 200 теңгелік банкнотқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандықтардың айтуынша, кәсіпкерлер номиналы 200 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарқан.

"Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік банкноттардың заңды төлем құралы болып қалатынын еске салады. Олар 200 теңгелік монеталармен айналымда қатар жүреді және төлемдердің, банктік операциялар мен аударымдардың барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті. Бұл банкноттарды банктер мен "Қазпошта" АҚ-ның барлық бөлімшесінде, ҰБ филиалдарында ұсақтауға және айырбастауға болады. Олар тозығы жеткенде ғана айналымнан алынады", – деді Серікжан Майданов.

Ол мұндай банкноттарды қабылдаудан бас тартқан тарапқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

"Егер сізден номиналы 200 теңгелік купюраларды қабылдамаса, онда Ұлттық банктің жақын маңдағы аумақтық филиалына хабарласу керек. Видеоға түсіруге немесе банкнотты қабылдаудан бас тарту себебін жазбаша талап етуге кеңес береміз", – деді басқарма басшысы.

Қосымша сұрақтар болса, Ұлттық банктің байланыс орталығына 1477 нөміріне хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу