200 теңгелік монетаның теңге бағамына қатысы бар ма

1617

Базалық мөлшерлеменің өсуі несиенің құнына тікелей әсер етеді.

200 теңгелік монетаның теңге бағамына қатысы бар ма

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мадина Әбілқасымова 200 теңгелік монеталар шығару туралы шешімінің себебін түсіндірді.

"Бірінші кезекте бұл купюраның жиі тозуымен байланысты, яғни монетамен алмастыруға бағытталған. Бұл – ең көп ұсталатын ақша. 200 теңгелік ақша қолма-қол айналымда көп жүретіндіктен тез тозады. Қайта-қайта қолданыстан шығып қалатын болғандықтан монета енгізу туралы шешім қабылданды", – деді Мадина Әбілқасымова. 

Ол сондай-ақ Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешімі несие құнына қалай әсер ететінін айтты.

"Расымен де базалық мөлшерлеме несиенің құнына тікелей әсер етеді. Қазір ол белгілі бір ағынмен жылжуда, яғни әсері бар. Әзірге теңгемен берілетін несиелердің пайыздық мөлшерлемесі былтырғы кезеңмен салыстырғанда сәл төмен. Базалық мөлшерлемені көбейту арқылы біз теңгенің тартымдылығын арттырамыз. Бұл халық өмірінде депозит  пайыздарының артуы ретінде көрініс табады. Яғни салған депозиттің мерзімі неғұрлым ұзақ болса, пайыздық үстемесі соғұрлым көлемді болады", – деді Ұлттық банк өкілі. 

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу