2016 жылға дейін алынған валюталық ипотекалар қайта қаржыландырылып жатыр

674

Ұлттық банк 36 583 ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру туралы өтініштің мақұлданғанын хабарлады.  

2016 жылға дейін алынған валюталық ипотекалар қайта қаржыландырылып жатыр

"2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қарыздарды қайта қаржыландыру туралы 33 636 өтінім түскен. Оның ішінде 27 743 қарыз ойынша өтінім мақұлданып, 157 млрд теңгеге 26  487 қарыз қайта қаржыландырылды. Бағдарламаның екінші блогы бойынша жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетелдік валютамен алған қарыздарын 2015 жылдың 18 тамызындағы бағам бойынша теңгемен қайта қаржыландырылмақ. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктерге 9 378 өтінім түскен. Оның ішінде қайта қаржыландыруға 78,7 млрд теңге сомаға 8 840 қарыз мақұлданды, 63,6 млрд теңге сомаға 7 369 қарыз қайта қаржыландырылды", – делінген Ұлттық банк таратқан ақпаратта.   
 
Өз атындағы ипотеканы қайта қаржыландыру қаншалықты мүмкін екенін білу үшін кез келген борышкер кредитор банкке өтініш бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу