2016 жылы облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен 782,9 мың тонна астық өндірілді.
Облыстың статистика департаменті хабарлағандай, 2016 жылы облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен 782,9 мың тонна астық (2015 жылдың деңгейіне 121,1%), 440,0 мың тонна майлы дақыл (135,8%), 425,7 мың тонна картоп (93,9%), 236,1 мың тонна ашық және қорғалған топырақта өсірілген көкөніс (101,7%), 134,6 мың тонна бақша дақылдары (148,0%), 12,2 мың тонна жеміс-жидек дақылдары мен жүзім (99,6%) өндірілді.
2016 жылдың астығы үшін себілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік алқабы 2015 жылдың деңгейімен салыстырғанда 23,6 мың гектарға (1,9%) кеңейді. Майлы дақылдар алқабының 36,5 мың гектарға (9,6%), бақша дақылдарының 1,6 мың гектарға (49,6%) кеңейгені байқалды. Дәнді және бұршақты дақылдардың алқабы 7,1 мың гектарға (1,2%), картоп – 3,0 мың гектарға (12,4%), ашық топырақта өсірілген көкөністер – 0,5 мың гектарға (5,5%), мал азықтық дақылдар – 3,9 мың гектарға (1,4%) қысқарды.
Облыста негізгі дәнді, майлы және бақша дақылдары өнімін өндірушілер шаруа қожалықтары, картоп пен көкөністің және жеміс-жидек дақылдарын өндірушілер жұртшылық шаруашылықтары болып табылады.
Күнбағыс (55,8%) өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша облыс республикада бірінші, картоп (12,0%) – үшінші, көкөніс (6,5%) - төртінші, дәнді дақылдар өндіруде (3,9%) – алтыншы орын алады.