2017 жылдан бастап стрестік активтердің көлемі 3 есеге төмендеді

698

Биыл банктер жеке тұлғалардың проблемалық қарыздарының ағымдағы деңгейін төмендету бойынша жеке жоспарлар жасады. 

2017 жылдан бастап стрестік активтердің көлемі 3 есеге төмендеді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді, деп жазды inbusiness.kz. 

Оның айтуынша, биыл банктер шамамен 330 мың қарыз алушыны, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 84,7 мың қарыз алушының борышын реттеу жөніндегі іс-шаралармен қамтуды жоспарлап отыр.

"Ал қабылданған шаралардың нәтижесінде стрестік активтердің көлемі 7,7 трлн теңгеден 2,5 трлн теңгеге дейін төмендейді, бұл банк жүйесі активтерінің 6%-ын құрайды. Стрестік активтерге төлеу мерзімі 90 күннен асқан проблемалық кредиттерден басқа қайта құрылымдалған кредиттерді, өндіріп алынған мүлікті және банктердің еншілес ұйымдарына берілген проблемалық кредиттер стресс активтер көлеміне кіреді. Көрсетілген стрестік активтер негізінен экономикалық айналымға тартылуы қажет кепілдерінің тұрақты түрлерімен қамтамасыз етілген", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу