2017 жылдың I тоқсанында БЖЗҚ салымшылары 51,5 млрд теңге табыс тапты

604

2017 жылдың I тоқсанында БЖЗҚ салымшылары 51,5 млрд теңге табыс тапты

БЖЗҚ 2017 жылғы 1-ші тоқсандағы таза инвестициялық табыстың мөлшері туралы түсініктеме берді. Бұл туралы қорға сілтеме жасап naryk.kz хабарлайды.

2017 жылдың 1-ші тоқсанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы портфелінің оң табысы 145,36 млрд. теңгені құрады. Ол бағалы қағаздар, салымдар және "Кері РЕПО" операциялары бойынша түскен сыйақылардан қалыптасты. Бұл сыйақылар 128,66 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар құнды қағаздар бойынша оң нарықтық қайта бағалаулардан қалыптасты. Ал бұл, портфельге 16,7 млрд. теңге табыс әкелді.

Осы аралықта теріс инвестициялық табыс 87,15 млрд теңгені құрады. Ол шетелдік валюталарда номинирленген зейнетақы активтерін қайта бағалау, теңгенің нығаюы және резервтерді жасауға байланысты қалыптасты. Теңгенің нығаюы 2017 жылдың басынан байқалады. Комиссиялық сыйақы 6,7 млрд теңге көлемінде есептелді. Осылайша, таза инвестициялық табыс 51,5 млрд. теңгені құрады.

Басқаша айтқанда, 2017 жылдың 1-ші тоқсанында БЖЗҚ салымшылары табысты болды: олардың шотына 51,5 млрд теңге есептелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу