2017 жылы Астанада көкпардан әлем чемпионаты өтеді

1297

 2017 жылы Астанада көкпардан әлем чемпионаты өтеді

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы көкпар ойынын әлемдік деңгейде дамыту мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізді. Жиын 2017 жылы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме қарсаңында Астанада көкпардан әлем чемпионатын өткізу жайын талқылады, деп хабарлайды BAQ.kz.

"ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бүгінгі семинар-кеңесті өткізудегі басты себебі 2017 жылы елімізде "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі өтеді. Осы көрме кезінде Астанада Көкпардан әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз. Және осы додаға көкпар ойыны дамыған, осыған (көкпарға – ред.) ұқсас ойын түрлері бар елдерді шақырып отырмыз. Соған орай көкпардың халықаралық талапқа сай ережесін бекітпекпіз" - дейді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан.

Бұл жарысқа қатысуға қазірдің өзінде жиырмаға жуық ел ынта білдіруде. Бүгінгі семинар-кеңеске Венгрия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан сынды бірқатар мемлекеттердің ұлттық спорт мамандары арнайы шақырылған. Сонымен қатар Әлем чемпионатының өтетін уақыты да белгіленіп қойыпты.

"Көкпардан әлем чемпионаты 25-28 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланып, қаржысы қарастырылып қойды" – дейді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық спорт басқармасының басшысы Мақсат Қойшыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу