2017 жылы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 150 трлн теңгеден асты

701

2017 жылы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 150 трлн теңгеден асты

Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 60,3%-ға көп деп хабарлайды "Хабар" агенттігі.

Сарапшылардың айтуынша, бұл Қазақстан қор биржасы тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ акция нарығының капиталдануы 20%-ға, яғни 17 трлн теңгеге өсті. Мұндай жетістікті бағындыруға экономикалық өсім, инфляция деңгейінің төмендеуі және Ұлттық банктің ақша-несие саясаты септігін тигізген.

Ал биржада 12,3 трлн теңгеге шетел валютасы саудаланған. Бұл былтырғыдан 17,6%-ға көп. Келісімдердің 98%-ы АҚШ долларының еншісінде. Былтыр АҚШ доллары 310-345 теңге аралығында болған.

"Жыл қорытындысы бойынша теңге 0,3%-ға нығайды. Демек, ұлттық валюта тұрақты болды. Осының нәтижесінде инвесторлардың теңгелей құралдарға деген қызығушылығы сақталып отыр. Бұл үрдіс құнды қағаздар нарығында да байқалды", – Қазақстан қор биржасының басқарма төрайымының орынбасары Андрей Цалюк. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу