2017 жылы мұнай бағасы барреліне 55-60 долларды құрайды – РФ энергетика министрі

816

2017 жылы мұнай бағасы барреліне 55-60 долларды құрайды – РФ энергетика министрі

2017 жылы мұнай бағасы барреліне 55-60 долларға дейін өсуі мүмкін, деп мәлімдеді энергетика министрі Александр Новак "Ресей1" телеарнасына берген сұхбатында. Бұл туралы "Интерфакс" жазып отыр.

"Меніңше, 2017 жылы баға барреліне 55-60 доллар аралығында болады", – деді ол.

Бұған дейін айтылғандай, Ресей мен МЭЕҰ  мұнай нарығын тұрақтандыру үшін 2017 жылдың алғашқы жартысында мұнай өндіруді азайтуға келісті. Осы шешімнен кейін  мұнай құны барреліне 46-48 доллардан 55 долларға дейін өсіп шыға келді. Александр Новак мұнайдың барреліне 55-60 доллар көлеміндегі бағасы  тұтынушы үшін де, сатып алушы үшін де қолайлы екенін бірнеше мәрте айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу