2020 жылдан бастап зейнетақы салымы тағы 5 пайызға артады

1694

2020 жылдан бастап зейнетақы салымы тағы 5 пайызға артады

Зейнетақы салымына түсетін қаржы артады. 2020 жылдан бастап жұмыс беруші қызметкері үшін зейнетақы қорына қосымша 5% салым түсіріп отыруға міндеттелмек. Яғни, жаңа еңбек кодексіне сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесіне енгізілген осындай талап күшіне енуге тиіс. Нәтижесінде, еңбеккердің жалпы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына түсетін салым 15%-ға теңеседі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, 2 жылдан кейін елде 1998 жылдан бері мемлекет есебінен беріліп келген базалық зейнетақы төлеу міндеттемесі тоқтатылмақ. Бүгінде Қазақстанда 2 млн-нан астам адам зейнетақы алады. Оның ең төменгі мөлшері 28 мың теңге болса, ең жоғарғысы 80 мың теңге шамасында.

Светлана Жақыпова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

"2020 жылдан бастап, зейнетақы қайта құрылымдауға жүйесін енгіземіз. Яғни, осы кезеңнен бастап, жұмыс беруші еңбеккерлері үшін қосымша 5%-ы зейнетақылық салыс түсіріп отыруы тиіс. Бүгінде 10% жұмыс берушінің өзі жалақысынан төленеді. Бірақ енді ынтымақты зейнетақы жүйесіне мемлекет, жұмысшы және жұмыс беруші де жауапты болуға тиіс".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу