2020 жылғы Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді

1476

2020 жылғы Азия чемпионаты Қазақстанда өтеді

4-6 шілде аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (бұдан әрі - IWF) атқарушы комитетінің отырысы және IWF конгресі өтті, деп хабарлайды Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы.

Аталмыш шара аясында IWF вице-президенті, Қазақстан ауыр атлетика федерациясы президенті Жанат Түсіпбеков пен Азия ауыр атлетика федерациясы президенті Мохамед Юсеф Аль Ман арасында қостарапты кездесу өтті.

Келіссөздер нәтижесінде бірқатар келісімге қол жеткізілді және ҚР ААФ 2020 жылы Қазақстанда Азия чемпионатын өткізу туралы ресми растама хатқа ие болды. Азия құрлығы үшін бұл 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары алдындағы маңызды іріктеу турнирі болатынын атап өткен жөн.

"Азия чемпионатын өткізу құқығына ие болуларыңызға байланысты, біздің шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар және осындай елеулі шараны сәтті ұйымдастыруда біздің қолдайтынымызды айтқымыз келеді!", - делінген хатта.

Қазақстандық федерация кеңсесіне Қазақстанның әр өңірінен бірқатар өтінімдер келіп түсті және алдағы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеттерімен бірлесе отырып, шешім шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу