2020 жылғы Париж марафоны ұйымдастырылмайды

563

Париж марафоны бастапқыда 5 сәуір күніне жоспарланған еді. Одан кейін доданың өткізілетін уақыты екі рет ауыстырылды. 

2020 жылғы Париж марафоны ұйымдастырылмайды

Коронавирус пандемиясына байланысты Париж марафоны ұйымдастырылмайтын болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Күнтізбелік жоспар бойынша Франция астанасы Парижде марафон 2020 жылдың 15 қарашасында өтуге тиіс еді. 

"Осы уақытқа дейін жарысты сақтап қалу үшін барымызды салғанымызбен, енді марафонды өткізбеуден басқа амалымыз жоқ. Қазіргі таңда қатысушылардың, әсіресе, шетелден келетін атлеттердің жағдайын ескере отырып, Париж марафонын 2021 жылы өткізген дұрыс деп шештік", – деп жазылған ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде. 

2020 жылғы Париж марафоны бастапқыда 5 сәуір күніне жоспарланған. Одан кейін доданың өткізілетін уақыты екі рет ауыстырылды. Атап айтқанда, әуелі 18 қазанға, кейін 15 қарашаға шегерілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу