2020 жылы 12 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

849

Биылғы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 12,3 мың адам тарихи Отанымен табысып, оралман мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 69,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2020 жылы 12 мыңнан астам этникалық қазақ оралман мәртебесін алды

Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (54,2%) Қытайдан, 30,0% – Өзбекстаннан, 8,9% – Түрікменстаннан, 3,7% – Моңғолиядан және 3,2% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (51,7%) және Маңғыстау (13,4%) Түркістан (5,6%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,7%) қоныстанды.

11 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,2%-ды және зейнеткерлер 10,6%-ды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу