2020 жылы қалай демаламыз?

1829

ҚР Үкіметінің 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулысы шықты. 

2020 жылы қалай демаламыз?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

"Демалыс күндері:

- 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға;

- 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға;

- 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын", — делінген Қаулы мәтінінде.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу