2020 жылы оңтүстіктен солтүстікке қанша отбасы көшті?

1142

Өткен жылы оңтүстіктен солтүстікке 1 600 отбасы көшкен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

2020 жылы оңтүстіктен солтүстікке қанша отбасы көшті?

Оның айтуынша, 2020 жылы "Еңбек" бағдарламасы аясында 5 800 адам солтүстікке көшкен.

"Бағдарламаның төртінші бағыты – еңбек ресурстарының ұтымдылығын арттыру. Бұл оңтүстіктен солтүстік өңірлерге еңбек ресурстарын тартуға мүмкіндік береді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1 600 отбасы немесе 5 800 адам солтүстікке көшті. Оның 3 мыңы еңбекке жарамды", - деді вице-министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу