2020 жылы жеке ұшақ сатылымы артты

672

Өткен жылы 2,2 мың ұшақ сатылды.

2020 жылы жеке ұшақ сатылымы артты

2020 жылы жеке ұшақтар сатылымы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz  Investing.com сайтына сілтеме жасап. Бұған әлемдік туризм индустриясының пандемия кесірінен тоқырауы мен әуе компанияларының банкротқа ұшырауы себеп болған. 

Colibri Aircraft брокерлік компаниясының мәліметі бойынша, былтыр АҚШ-та пайдаланылған жеке ұшақтардың сатылымы 10%-ға өсті. Екінші ірі нарық саналатын Еуропада да оң динамика байқалды. Жалпы, әлем бойынша өткен жылы 2,2 мың ұшақ сатылған. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 7,7%-ға артық. Олардың жалпы құны 14,5 миллиард доллардан асты.

Пандемия уақытында әдеттегі жолаушы рейстері кезінде басқа адамдармен тығыз байланыста болу денсаулыққа қауіп төндіргені анық. GlobeAir еуропалық компаниясы жеке ұшақпен ұшу кезінде адамдар арасындағы байланыс саны коммерциялық рейстерге қарағанда 700-ге аз екенін жариялады. Осы орайда жеке ұшақтарға деген сұраныс артты.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу