2021 жылдан бері іздеуде болған қазақстандық әйел Түркияда ұсталды

494

Күдікті 1300-ден астам адамды алдап, 6 млрд теңгеден астам қаржыны иемденген. 

2021 жылдан бері іздеуде болған қазақстандық әйел Түркияда ұсталды Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі түркиялық әріптестерімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында 2021 жылдан бері іздеуде жүрген 46 жастағы Қазақстан азаматын Анталия қаласында ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2018-2020 жылдар аралығында сыбайластарымен бірге әрекет еткен.

26 маусым күні іздеуде жүрген әйел Түркия Республикасынан Қазақстанға депортацияланды. Оны елге жеткізуге Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Түркия Республикасындағы өкілі мен Қазақстанның Бас консулдығы елеулі қолдау көрсетті.

Жыл басынан бері ішкі істер органдарының қызметкерлері алаяқтық қылмыстарын жасаған 117 қылмыскерді ұстады. Олардың келтірген жалпы материалдық шығыны 17 миллиард теңгеден асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу