2021 жылдың соңына қарай Қазақстанда мұнай өндіру 85,7 млн ​​тоннаны құрайды

670

Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев тап осылай мәлімет етті,  деп хабарлайды inbusiness.kz.

2021 жылдың соңына қарай Қазақстанда мұнай өндіру 85,7 млн ​​тоннаны құрайды

"2021 жылдың соңына қарай мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тонна, экспорт – 67,6 млн тонна болады деп күтілуде. Жыл соңына дейін мұнай өңдеу көлемі 17,1 млн тоннаны, ал мұнай өнімдерін өндіру – 13,1 млн тоннаны құрамақ", – деді министр сәрсенбі күнгі үкімет отырысында.

Өз кезегінде Энергетика министрлігінің басшысы 2021 жылы бензин өндірісі 4,7 млн ​​тонна, дизельдік отын – 4,8 млн тонна, мазут – 2,4 млн тонна, битум – 33 мың тонна және авиациялық керазин 600 мың тонна болады деп болжанатынын атап өтті.  

"Жоспар бойынша елімізде мұнай өндіру көлемі артып, 2030 жылға қарай 104,2 млн тоннаға жетеді", – деді Мырзағалиев.

Оның айтуынша, мұндай көрсеткіштерге Теңіз кен орнындағы (өндіріс жылына 12 млн тоннаға артады) болашақ кеңейту жобасы (ККЖ), Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы, Қашағанда газ өңдеу зауытының құрылысы (жылына 20 млн тонна мұнай) арқылы қол жеткізіледі. Сондай-ақ Каспийдегі Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын игеру жұмыстары басталуы да сеп болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу