2021 жылғы жабық ғимарттағы Азия ойындарын Таиланд қабылдайды

731

Жабық ғимараттағы ең алғашқы Азия ойындары 2005 жылы Бангкокте өткен болатын. 

2021 жылғы жабық ғимарттағы Азия ойындарын Таиланд қабылдайды

Азия Олимпиада кеңесі 2021 жылғы жабық ғимараттағы жауынгерлік өнер және Азия ойындарын Таиландта өткізетін болды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алтыншы Азия ойындарын Бангкок және Паттайя қалалары қабылдайды. Жарыста спорттың 24 түрінен жүлде таратылады. Айта кетелік, жабық ғимараттағы ең алғашқы Азия ойындары 2005 жылы Бангкокте өткен болатын. 

"2021 жылғы жабық ғимараттағы Азия ойынларын Таиланд жоғары дәрежеде өткізеді деген сенімім мол. Әлемде қандай жағдай болса да, біз спорт күнтізбесін әрі қарай жалғастыру үшін жұмыс істеудеміз. Жабық ғимараттағы алтыншы Азия ойындарын ұйымдасырушыларға сәттілік тілеймін", – дейді Азия Олимпиада кеңесінің президенті.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу