2021 жылы әлемдік сауда көлемі 16%-ға артады

901

Бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш10%-ға өсті.

2021 жылы әлемдік сауда көлемі 16%-ға артады

2021 жылы әлемдік сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға өседі.  БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясының баяндамасында осындай болжам жарияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Құжатта COVID-19 салдарына қарамастан, 2020 жылғы сауда қарқыны салыстырмалы түрде тұрақты болғаны жазылған. Өйткені Шығыс Азия індетті уақытылы ауыздықтап, аймақта өнімдерге деген сұраныс артқан.

2021 жылдың бірінші тоқсанында әлемдік сауда көлемі10%-ға артты. 2021 жылдың алғашқы үш айында байқалған оң динамика Шығыс Азия елдеріндегі экспорт көлемінің айтарлықтай өсуіне байланысты болды. Мысалы, Қытай, Үндістан және Оңтүстік Африка басқа елдерге қарағанда жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Ұйымның болжамы бойынша, 2021 жылдың екінші тоқсанында тауарлар мен қызметтердің саудасы 31%-ға өсіп, 6,6 трлн долларға жетуі мүмкін. Дегенмен баяндамада сауда-саттықтың қалпына келуі біркелкі болмайды, әсіресе дамушы елдердегі көрсеткіштер әртүрлі деңгейде тіркелуі мүмкін екені жазылған.

Табиғат Нұрболат

Фото: unctad.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу