2021 жылы Балқашта 100 МВт күн электр станциясы іске қосылады

914

"Электр қуаты "Қоңырат" шағын станциясына беріледі. 

2021 жылы Балқашта 100 МВт күн электр станциясы іске қосылады

Қарағанды облысының әкімдігі "KAZ GREEN ENERGY" ЖШС-мен бірлесіп, Балқаштағы "Қоңырат" шағын ауданына жақын жерде қуаты 100 МВт күн электр станциясын салудың тағы бір жобасын іске асыруда, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Күн электр станциясының аумағы 140 гектарды құрайды. Станция 192 350 екі жақты фотоэлектрлік панельдерден тұрады. Әрқайсысының қуаты – 520 Вт. Бұл күн электр станциясы жылына 170 млн кВт электр энергиясын өндіреді деп жоспарлануда. Іске қосудың бірінші кезеңінің аяқталу мерзімі (50 МВт) – 2021 жылғы тамыз. Келесі кезең (50 МВт) 2021 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

"Электр қуаты "Қоңырат" шағын станциясына беріледі. Оның негізгі тұтынушысы – "Қазақмыс" тобы. Құрылыс кезінде қолданылатын барлық металл конструкциялар Қазақстанда жасалған. 25-30-ға жуық адамды жұмыспен қамтимыз. Осы күн электр станциясының іске қосылуының арқасында көмірқышқыл газының шығарылуы жылына 170 мың тоннаға азаяды. Жоба шамамен 7-8 жылдан кейін өзін-өзі ақтайды", – дейді жоба жетекшісі, "KAZ GREEN ENERGY" ЖШС өкілі Ертай Әлжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу