2021 жылы қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін қанша алаяқ сотталды?

3580

Бүгінде полицейлер 64 қылмысты тергеп жатыр.

2021 жылы қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін қанша алаяқ сотталды?

ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов өткен жылы қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін қанша алаяқ сотталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"2021 жылы (қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін – автор) 126 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның 38-і әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Қалған күдіктілер соттың алдында жауап беріп жатыр. Сот әділ үкім шығарады деген үміттеміз", – деді Санжар Әділов ІІМ-де баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сотталған 22 адам 3-5 жылға, 11 адам 5-8 жылға, 1 адам 3 жылға бас бостандығынан айырылған, әрі 4 адамның жазасын өтеу мерзімі шегерілген.

"Бүгінде ішкі істер органдары 64 қылмыстық істі тергеп жатыр. Биыл Қылмыстық кодекстің ("алаяқтық" – автор) бабына сәйкес 4 іс тіркелді", – деді басқарма басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу