2021 жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5%–ды құрайды

722

S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады. 

2021 жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5%–ды құрайды

S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз несиелік рейтингін "ВВВ-" деңгейінде растады, бұл болжам бойынша "тұрақты" деген мәртебеге сәйкес келеді,  деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

S&P сарапшылары құбылмалы айырбас бағамы экономиканың 2020 жылы мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты пайда болған сыртқы қысымға бейімделуге көмектескенін атап өтті. 

Біртіндеп жүргізіліп келе жатқан фискалдық шоғырландыру, Ұлттық қордан бюджетке трансферттер көлемін шектейтін фискалдық ережені енгізу және мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы Қазақстанның сыртқы позициясын нығайтуға әсер етті. 
S&P өкілдерінің болжамына сүйенсек, 2021 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 8,5%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш ынталандырушы фискалдық саясаттың әсеріне, импортталатын тауарлар бағаларының өсуіне, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешуіне байланысты. 

Халықаралық рейтинг агенттігінің божамынша, Ұлттық банктің 2025 жылға дейін экономиканы қолдау бағдарламаларынан шығуы орталық банктің тиімділігін арттыруға көмектеседі. 

"Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2021 жылы 3,5% құрайтын болады және оны шикізаттық емес сектордың өсуі, шектеулердің жеңілдетілуі есебінен экономикалық белсенділіктің қалпына келуі, инвестициялардың өсуі, негізгі сауда серіктес елдеріндегі іскерлік белсенділіктің қалпына келуі қамтамасыз ететін болады", – деп болжады S&P сарапшылары.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу