2021 жылы Қазақстанда құны қымбаттаған топ-5 тауар

760

Осы жылды, 2021-ді, бір сөзбен  "Қазақстандағы қымбаттау жылы" деп атауға толық негіз бар, деп хабарлайды Atameken Business.        

2021 жылы Қазақстанда құны қымбаттаған топ-5 тауар

Себебі ақысын еселеп өсірмеген дүние жоқтың қасы. Осы тұста, Ұлттық статистика агенттігінің ақпарына сүйеніп, құны шарықтаған топ-5 тауардың тізімін атасақ.  Бірінші орында  тұрғын үй. Үкімет зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін қолдануға рұқсат бергені сол екен, пәтер ақысы 11%-ға дейін қымбаттады. Екінші - құрылыс материалы  10-12%. Мұнда бәріненде ценмент пен арматура шарықтаған. Үшінші - азық-түлік. Ресми 7,5%-ға өсті дегенмен, картоп  соңғы бір айдың өзінде құнын - 69,1%, сәбіз  73,4%-ға, ал қызылша - 52%-ға өсіріп жіберді. Төртінші  авиабилет. Мұндағы қымбаттау - 8-9%-ға тең. Қазір әуе компаниялар карантиннен кейінгі шығынды толтырудың амалына осылай өшкен. Бесінші - жанар-жағармай. Қымбаттау - 8-10%. Үкімет мұның себебін - бензин бағасы шекаралас мемлекеттердің нарығынан төмен болмауы тиіс деп түсіндіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу