2021 жылы Қазақстанның тауар айналымы 100 млрд доллардан асты

960

Елімізге шетелге көбінесе шикі мұнай, мыс және уран, газ сатқан.

2021 жылы Қазақстанның тауар айналымы 100 млрд доллардан асты

Өткен жылы Қазақстанның тауар айналымы 102 млрд доллар болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сауда және интеграция министрлігінің дерегінше, 2021 жылы Қазақстанның тауар айналымы 2020 жылғы көрсеткіштен 17,4%-ға өсіп, 101,5 млрд доллар болған. Тауар айналымының негізгі үлесін өңделген тауарлар алады. Өткен жылғы көрсеткіш – 58,1 млрд доллар, 2020 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары (51,8 млрд доллар). 2021 жылы экспорт 26,9%-ға өсіп, 60,3 млрд доллар болды. Импорт 5,8%-ға артты немесе 41,2 млрд доллар. 

"Қазақстаннан көбінесе шикі мұнай, шикі мыс және мыстан жасалған катодтар, ферроқорытпалар, табиғи газ, уран, кен мен темір концентраттары, мыс кені мен концентраттары, бидай, қоспаланған болаттан жасалған ыстықтай тапталған жазық илек, мұнай өнімдері экспортталды. Елімізге есептеу машиналары, автомобильдерге арналған шанақтар, жеңіл автомобильдер, көліктер мен тракторларға арналған қосалқы бөлшектер, телефон аппараттары, дәрілік заттар, вакцина сынды тауарлар импортталды", – деп жазылған хабарламада.

2021 жылы Қазақстанның негізгі сауда серіктес елдері:
1. Ресей – екіжақты сауданың жалпы көлемі – 24,2 млрд доллар.
2. Қытай – тауар айналымы шамамен 18,2 млрд доллар.
3. Италия – өзара сауда көлемі 9,6 млрд доллардан асқан.

Негізгі серіктес елдердің үздік ондығына Нидерланды, Түркия Өзбекстан, Франция, Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия, Үндістан, Испания, Румыния, Греция, Швейцария енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу