2021 жылы көлік құралдарын тіркеу мәмілелері азайды

1237

Алайда автокөлік несиелерінің үлесі артты. Бұл туралы "2021 жылғы несие нарығының нәтижелері" атты брифингте Бірінші несие бюросының бас директоры Руслан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

2021 жылы көлік құралдарын тіркеу мәмілелері азайды

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың 11 айында көлікті тіркеу саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға азайып, 710,4 мың бірлікті құрады. Көрсеткіштердің төмендеуі негізінен ескі, бұрын тізгінделген автоларға байланысты. Бұл ретте 2021 жылы жаңа автокөліктердің сатылымы 117 мың бірліктен асты, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 25,9%-ға артық.

"Автокөлік сатып алу мақсатында берілген несиелердің жалпы сомасы 57,5%-ға өсіп, 592,2 млрд теңгені құрады. Осылайша, транзакциялардың жалпы санындағы көлік құралдарын сатып алуға берілген несиелердің болжамды үлесі 2021 жылы 15%-ды құрады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 11,6% болған", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу