2021 жылы коммуналдық қызмет тарифтері биылғы деңгейде сақталады

558

Тарифтерді көтеруге табиғи монополия субъектілерінен 143 өтініш түскен.

2021 жылы коммуналдық қызмет тарифтері биылғы деңгейде сақталады

ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев 2021 жылға арналған коммуналдық саладағы тарифтік саясатты мәлім етті.

"Тарифтерді 2021 жылы өзгертпей ұстап тұру жөнінде Мемлекет басшысының, Үкіметтің тапсырмасы бар. Бүгінгі күні ел бойынша тарифтерді жаңарту туралы табиғи монополия субъектілерінен түскен 143 өтінішті қарастырып жатырмыз. Тарифтерді айтарлықтай көтеруге өтініш келіп түсті. Біз тарифтерді қарастырған кезде инвестициялық бағдарламалардың тартымдылығына, тарифтерді белгілеудегі ашықтыққа және тарифтік сметаның түзетілуіне ерекше мән береміз. Бұл бізге келесі жылы тарифтерді 2020 жылдың деңгейінде сақтап қалуға мүмкіндік береді", – деді комитет төрағасы. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу