2021 жылы жеке кәсіпкерлерге 2 есе көп несие берілді

1219

Бизнеске қарыз беру көрсеткіші 5,8 тармаққа жақсарды.

2021 жылы жеке кәсіпкерлерге 2 есе көп несие берілді

Бірінші несие бюросының мәліметі бойынша, жеке кәсіпкерлер бөлшек және бизнес сегментте 2 есе көп несие алған, деп жазды inbusiness.kz.

Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кәсіпкерлердің жеке несиелері 314,6 млрд теңгені құрады. Өсім 91,7% немесе 150,4 млрд теңге. Аталған көрсеткіш жеке кәсіпкерлерге арналған бөлшек несиелерге негізделген.

"Бұл сома 124,5 мың қарыз алушыға тиесілі, өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 35,9%-ға  артқан. Сәйкесінше, бөлшек несиелер саны 91,6%-ға өсті. Жеке кәсіпкерлерге берілген несиенің орташа сомасы – 591,8 мың теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 0,03%-ға өсті. Бірақ 2 жыл ішіндегі деректерді салыстырсақ, орташа несие беру көрсеткіші 11,3%-ға төмендеген", – деп жазылған Бірінші несие бюросы таратқан хабарламада. 

2021 жылы жеке кәсіпкерлер 747,2 млрд теңге бизнес несие алды, өсім 109,8%. Қазір несиелері бар 142,3 мың субъекті тіркелген. Жеке кәсіпкерлерге орташа есеппен 3 млн теңге бизнес несие берілген.  

"Несиелердің сапасы жақсарды. Осылайша, бизнесті несиелендіруіне негізделген NPL көрсеткіші 12,7%-ды құрады. Статистика 5,8 тармаққа жақсарды", – деп жазылған хабарламада. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу