2022-2024 жылдары 24 мың студент оқудан шығарылған

106

Бұл жөнінде ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Тілеген Каскин мәлімдеді.  

2022-2024 жылдары 24 мың студент оқудан шығарылған Фото: gov.kz

Студенттердің оқуына 20 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалып, кері өндірілмеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

“2022-2024 жылдары шамамен 24 мың студент оқудан шығарылған, олардың оқуына 19,6 млрд теңге жұмсалған. Соның ішінде 10 мың студент бойынша жүйеде пайдаланылған гранттар сомасы туралы мәлімет мүлдем жоқ”, – деді Тілеген Каскин.

Сондай-ақ, ол оқудан шығарылған студенттерден қаражатты қайтарудың тетігі жоқтығын айтады.

“Сонымен қатар, міндетті жұмыспен өтеуден жалтарудың магистратураға түсіп, кейін оқудан шығу арқылы жүзеге асырылатын қосымша схемасы да қалыптасқан. Тек осы санат бойынша мемлекетке келтірілген болжамды залал 10,8 млрд теңгеге бағаланады”, – деді Жоғары аудиторлық палата мүшесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу