Отандық 43 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысына 2000 АЕК көлемінде сыйақы және төсбелгілер берілмек.
"Байқауда электронды оқу ресурстарын, оқу материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. сияқты көрсеткіштер, сондай-ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриатта, магистратурада және докторантурада кадрлар даярлау жөніндегі еңбегі бағаланды", - деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Конкурсқа республикадағы 71 ЖОО-дан 755 үміткер қатысқан.
Жеңімпаздардың тізімі ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды.
Еске салайық, аталмыш конкурс ведомствоның ақпараттық жүйесінің базасында өткен болатын.