2022 жылы әлем елдерінің қару-жарақ шығындары 2,24 трлн долларға дейін өсті

667

2022 жылы жаһандық қару-жарақ шығындары нақты есептеуде 3,7% - ға өсіп, 2,24 трлн долларға жетті. 

2022 жылы әлем елдерінің қару-жарақ шығындары 2,24 трлн долларға дейін өсті Фото: The Qazaq Times

Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) дүйсенбіде жарияланған есебінде Еуропада бұл көрсеткіштің өсу динамикасы соңғы 30 жылдағы ең жоғарғы шегіне жеткен, деп жазады inbusiness.kz.

АҚШ, Қытай мен Ресей қару-жараққа шығындалғандардың үздік үштігінде. Әлемде сатып алынған қарудың 56%-ы осы елдерге тиесілі. Украинадағы жағдай мен Шығыс Азиядағы шиеленіс шығынның өсуінің негізгі қозғаушы күшіне айналды.

Еуропада әскери шығындардың өсуі 13%-дв құрады. Бұл негізінен Ресей мен Украинаның қақтығысына тікелей байланысты болды, бірақ Украинаға көрсетілген көмек пен Ресей Федерациясы тарапынан өсіп келе жатқан қауіпке байланысты басқа елдер әскери бюджеттерін ұлғайту бағытында оны қайта қарауға мәжбүр болды.

Баяндама авторлары орталық пен батыс Еуропа елдерінің әскери шығындары қырғи қабақ соғыс деңгейіне қайта оралғанын атап өтті. Орталық Еуропада бұл көрсеткіш өткен жылы $345 млрд құрады, ал нақты есептеуде алғаш рет 1989 жылғы көрсеткіштен асып түсті және 2013 жылмен салыстырғанда 30%-ға жоғары болды. Кейбір елдер қорғаныс шығындарын көбейтіп үлгерді, ал басқалары он жыл ішінде әскери мақсаттарға бюджеттен бөлінетін қаражатты ұлғайтатынын хабарлады. Әскери шығындардың күрт өсуі Финляндияда (36%), Литвада (27%), Швеция (12%) мен Польшада (11%) байқалды.

Институт сарапшыларының пікірінше, Украинадағы жағдай Орталық және Батыс Еуропадағы әскери шығындар туралы шешімдерге бәрінен артық әсер еткен.

АҚШ әлем бойынша әскери бағытта ең көп шығындалатын ел ретінде қала бермек. 2022 жылы шығын $877 млрд құрады, бұл жаһандық көрсеткіштің 39%-на тең және рейтингтің екінші сатысында тұрған Қытайдың әскерге бөлген қаражатынан үш есе көп. Баяндама авторлары егер 1981 жылдан бері ең жоғары деңгейге жеткен инфляция болмаса, Американың әскери шығындарының өсімі 0,7%-дан анағұрлым артық болар еді.

Ресейде, SIPRI сарапшылары күткендей, әскери шығындар 2022 жылы 9,2%-ға өсіп, шамамен $86,4 млрд құрады, бұл ЖІӨ-нің 4,1%-ы. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің 3,7%-ын ғана алатын. Баяндама авторлары Ресей бойынша 2022 жылғы деректердің шындыққа жанаспауы мүмкін екенін ескертеді.

2022 жылы Украинаның әскери шығындары 44 миллиард долларға жетті, бұл бір жылдағы 640 пайыздық өсімді білдіреді. SIPRI әскери шығындарын бекіту тарихында бұл қайталанбас құбылыс. Украина экономикасына соғысқа байланысты тиген залалды ескерсек, бюджетке әскери жүктеме 2021 жылы 3,2%-дан 2022 жылы 34%-ға дейін көтерілді.

Әскери шығындар деңгейі бойынша екінші дүниежүзілік держава ҚХР өткен жылы әскери қажеттіліктерге $292 млрд бөлді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға және 2013 жылмен салыстырғанда 63%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу