2022 жылы егіс алқаптары 105 мың гектарға ұлғайды

589

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2022 жылы егіс алқаптары 105 мың гектарға ұлғайды

"Әкімдіктердің мәліметтері бойынша 2022 жылға арналған егіс алқаптарының болжамдық құрылымы қалыптастырылды.

Жалпы егіс алқаптарының аумағы 23,1 млн гектарды құрайды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 105 мың гектарға артық.

Мал азықтық дақылдар алқабы айтарлықтай ұлғайтылып, 3,6 млн гектарға жетті. Сондай-ақ картоп, күнбағыс, көкөніс, яғни әлеуметтік дақылдар алқабы артты. Мемлекет басшысының көктемгі дала жұмыстарын уақтылы және сапалы өткізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында биыл Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірнеше рет кеңестер өткізді", – деді Әбілқайыр Тамабек. 

Оның айтуынша, егін егу, шаруа қожалықтарын тұқыммен, агрохимиямен, техникамен қамтамасыз ету және қаржыландыруға қатысты барлық мәселелерді үйлестіру мақсатында республикалық жедел штаб құрылды.  

"Оның құрамына барлық мүдделі органдар мен ұйымдар, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары кіреді. Штаб отырыстары апта сайын өткізіліп тұрады", – деп түйіндеді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу