2022 жылы елімізде құны 72,5 млрд теңгелік 821 комбайн шығарылған

495

Ауыл шаруашылығы техникасын шығарушылардың табысы 173 млрд теңгеден асқан. 

2022 жылы елімізде құны 72,5 млрд теңгелік 821 комбайн шығарылған

Қазақстанда ауылшарушалығы техникаларының өндірісі жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының XI форумында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәселен былтыр ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі ұлғайып, табыс көлемі 173 млрд теңгеден асқан. Оның 72,5 млрд теңгесіне 821 комбайн өндіріліп, өзге де ауыл шаруашылығы техникасының саны 10 мыңға таяған. 

Тұрақты өсім биыл да жалғасып келеді. Мысалы, қаңтар-наурыз айларында 1 384 трактор шығарылған, бұл былтырғы көрсеткіштен 16%-ға жоғары. Комбайн өндірісінің көлемі қаңтар-наурыз аралығында 238-ге жетіп, 2022 жылдағы межемен салыстырғанда бұл 34%-ға көп. Биыл іске қосылған жобалар қатарында "СемАз" ЖШС кәсіпорны шығаратын Jinma тракторларының өндірісі, "АгромашХолдингKZ" АҚ шығаратын Lovol, Deutz Fahr тракторлары мен Lovol комбайндары, Kazkioti ЖШС-нің құрастыратын DongFeng тракторлары бар. 

Форумға қатысушылар бұл мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болып отыр, дейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу